Мен, Сыздыкова Бахытжамал, International Educational Center New Generation негізін қалаушысымын. 1999 жылдан бері мен және менің командам балалар мен ересектерге шетелдің үздік университеттеріне түсуге, каникул кезінде тілдік лагерьлерге баруға, заманауи интерактивті әдістер арқылы ағылшын тілін меңгеруге көмектесіп келеміз. Сонымен қатар, мен үш баланың бақытты анасымын және олардың әрқайсысының шетелге оқуға түсу жолын өз тәжірибемнен өткізіп, осы процестің қуаныштары мен қиындықтарын бірге сезініп келемін.
Менің үш балам бар: үлкен қызым Инкар және егіздер Батырхан мен Индира. Барлығының жасы шамалас: Инкар мен егіздердің арасы бар болғаны 1,8 жыл. Көп адам менің балаларымды қалай оқуға жібергенімді айтып беруді сұрайды. Бұл мақалада шетелдік білімнің қандай артықшылықтары барын, балаларымда қандай дағдыларды бала кезден дамытуға тырысқанымды және ата-аналар нені ескеруі керек екенін айтамын.
Шетелде оқу — балалар болашағына жасалған жақсы инвестиция
Баланы шетелге оқуға жібермес бұрын ата-ана ретінде біз бұл шешімнің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін саралаймыз. Әдетте, мен шетелде оқудың артықшылықтары туралы айтамын. Бірақ бүгін басқа қырынан қарастырайық.
Елде қалып оқитын бала ненің иесі болмайды?
Карьера мен өмір сүру елін еркін таңдауға мүмкіндік
Шетелдік университет түлегінің басқа елде қалып жұмыс істеуге мүмкіндігі жоғары.
Ал Қазақстанда оқыған түлекке шетелде жұмыс табу — ұзақ әрі күрделі бюрократиялық процесс.
Халықаралық деңгейде мойындалған диплом
Шетелде оқу түлекке кез келген елде жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Қазақстандық дипломы бар түлекке жаңа елде дипломды нострификациялау немесе қайтадан оқу қажет болуы мүмкін.
Халықаралық орта мен пайдалы байланыстар
Шетелдік университетте балаңыз бір күні Қытайдан келген курстасымен жоба жасаса, кешке Канададан келген көршісімен сөйлесуі мүмкін.
Бұл — болашақ мансапқа алтын көпір болатын байланыстар.
Ағылшын/неміс/корей тілін еркін меңгеру
Шетелде тіл күнделікті ортада автоматты түрде үйреніледі.
Тілді тек оқулықпен емес, өмірде қолдану — ең тиімді әдіс.
Әлемге кең көзқарас
Үйден 3–4 жыл жырақта оқу балаға жеке құндылықтарын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Балада қажетті дағдыларды кішкентайынан дамыту
Менің балаларым өздері шетелге оқуға түскісі келетінін айтты. Инкар — Австрияда, ал Индира мен Батырхан да Еуропа университеттеріне дайындалып жүр.
Инкар — Вена мемлекеттік университетінде «Салыстырмалы әдебиеттану» мамандығында,
Батырхан — «Бизнес және менеджмент»,
Индира — «Архитектура» бағытына дайындалып жатыр.
Оларда шетелде алда ұзақ студенттік өмір бар — қызықты, бірақ талаптары жоғары. Бірақ мен қатты уайымдамаймын, себебі оларды кішкентайынан өз бетімен өмір сүруге үйреттім.
Алғашқы қадамдар — қарапайым шешімдер
Киім, ойыншық, қызығушылықтарын өздері таңдау.
Әжемізбен (менің анаммен) талай таластық — оның пікірі басқа, менікі басқа, балалардікі тіпті басқа. Бірақ осының бәрі нәтижесін берді.
Саяхаттар — нағыз мектеп
Балалар өсе бастағанда біз көп саяхаттадық.
Әсіресе 2019 жыл ерекше есімде.
Біз Сеулдегі тілдік лагерьге бардық — дәл қазіргі балаларды жіберіп жүрген лагерь.
Инкар – 14, егіздер – 13 жаста. Бұрын барлық жерде үш баланы бірдей бақылау керек болса, Сеулде бәрі керісінше болды — олар мені «жоғалтып алмауға» тырысты.
Лагерь территориясында тұрмадық, күн сайын 1,5 сағат автобуспен, метро және жаяу жүретінбіз.
Балалардың маған «мама, адасып кетпеңіз» деп жүргенін көру — олардың өскенінің айқын дәлелі болды.
Үй шаруасын бөлісу
Балалар кішкентай болғанда үйде аспаз, үй көмекшісі және жүргізуші болды.
Бірақ бір күні маңызды шешім қабылдадым:
балалар өскен соң үйдегі міндеттерді өздері атқаруы тиіс, сондықтан персоналды жұмыстан босаттым.
Иә, бұл бәріміз үшін ауыр өтті. Бірақ нәтиже керемет болды:
тамақ дайындауды біледі, өз киімдерін жуады, үтіктейді, үй жұмыстарын бөледі.
Тайм-менеджмент және қаржылық сауаттылық
Балалар өздері қалада жүруді үйренсін деп жүргізушісіз жүре бастады.
Инкар бірде жаңа салынған алыс вокзалға кетіп қалған. Мен оған бағытты түсіндірдім — өзі дұрыс жерге жетті.
Индира автобуста ұйықтап қалып, Астананың шетіне дейін кетіп қалды. Телефонда 5% заряд. Бірақ бір бейтаныс әйелден телефон сұрап, маған хабарласты.
Батырханның бір сөзі есімде қалды:
«Мама, автобуспен жүру мені уақытты басқаруға үйретті».
Бұл — өмірлік маңызды дағдылар.
Қаржылық сауаттылық үшін мен оларға айлық шығындарын жоспарлаттым: интернет, шаштараз, қосымшалар, серуендер. Осылай олар ақша бөлуді үйренді.
Тілдік лагерьлердің пайдасы
Біздің лагерьлерде балалар дамытатын негізгі дағдылар:
- дербестік
- қаржылық сауаттылық
- коммуникация
- уақытты басқару
- көшбасшылық
- үлкен қалада бағдарлау
Бұл дағдылар әр баланың болашағы үшін өте маңызды, Қазақстанда қалса да, шетелде оқыса да.
