Skip to content

NEW GENERATION ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Білімде шекара жоқ. Бізбен бірге оқып,болашаққа сенімді қадам жасаңыз!

New Generation

1999 жылдан бері біз қазақстандықтарға шетелдік үздік оқу орындарына түсуге, демалыс кезінде тілдік лагерге баруға, заманауи интерактивті әдістерді қолдана отырып, ағылшын тілін үйренуге көмектесіп келеміз.

Шетелде оқу

Шетелге оқуға түсуге көмек: оқу орнын таңдаудан бастап оқу кезеңінде қолдау көрсету.

  • Біз оқу орнын жеке тексеріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы объективті ақпарат береміз.
  • АҚШ, Азия, Еуропа университеттерін қоса алғанда 20-дан астам елдің білім беру мекемесімен серіктестік желісін құрдық.
  • 2 000-нан астам қазақстандық студент шетелге оқуға жіберілді.
  • Біз сіздің бюджетіңіз бен қалауыңызға сай елдің және оқу орынның ең жақсысын таңдаймыз.

Шетелде тіл үйрену лагерін ұйымдастыру

Тіл үйрену лагері – шет тілін үйренуде айтарлықтай жетістікке жетуге және тілдік кедергіні жеңуге бірегей мүмкіндік. Халықаралық лагерьдегі бірнеше апта 4-6 айлық дәстүрлі тіл курсын ауыстыра алады.

  • Бағыты: Ұлыбритания, Франция, Германия, Австрия, Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ, АҚШ, Канада және т.б. 
  • Жаңа таныстық, әлемнің көрікті жерлеріне экскурсия және түрлі ойын-сауық шаралары.
  • Ересектерге арналған шетелдегі тіл үйрену курстары.

Балаға, жасөспірімге және ересекке арналған ағылшын тілі курстары

Мектептегі бағаңызды жақсарту, IELTS-ке дайындық немесе мансап, саяхат және жеке өсу үшін ағылшын тілін меңгеру - New Generation ашатын мүмкіндік. Сертификаты бар мұғалім мен сапалы, заманауи оқыту бағдарламалары сіздің мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі.

  • Павлодарда тіл мектебі бар. Бүкіл Қазақстан бойынша клиент үшін тиімді онлайн курс та бар
  • IELTS, TOEFL, SAT емтиханына дайындық. Студенттің 70%-ы IELTS сынағын 7 және одан жоғары баллмен тапсырады
  • Біздің командада CELTA, TKT, TESOL сертификаты бар тәжірибелі мұғалімдер бар

Языковой лагерь и образовательный туризм

Отправьте ребенка в all-inclusive языковой лагерь с сопровождением опытного групп-лидера Нового Поколения.
За последний год с нами на каникулы съездили более 120 детей.
Направления: Великобритания, Южная Корея, ОАЭ, США, Франция, Германия.

  • за одну смену за границей ребенок сделает прорыв в английском как за 3 месяца обычных языковых курсов
  • прокачает soft skills: тайм-менеджмент, финансовое планирование и др.
  • увидит самые известные достопримечательности

Корпоративтік тренингтер

Біз білім беру бағдарламаларының провайдеріміз және Қазақстандағы, шетелдегі компаниялар үшін семинар мен тренинг ұйымдастырамыз. Біздегі корпоративтік іс-шара сіздің қызметкеріңіз үшін кәсіби өсу және серіктестермен байланысты нығайтудың тиімді құралы.

  • Таңдаудың кең ауқымы: логистика, қаржы, жобаларды басқару, дизайн және т.б.
  • Біз ТМД және әлемдік деңгейдегі жетекші тренерлермен жұмыс істейміз.

Олар бізге сенеді

Ересектер, олар:

– шетелге көшсе

– кәсібін өзгертсе немесе мансабы жоғарласа

– саяхаттаса

Ересектерге арналған тіл үйрену курсынан кейін әлемнің кез келген жерінде өзін еркін сезінуге және мансаптық өсуге мүмкіндік береді.

Балалар:

– мектептегі ағылшын тілі бағдарламасына ілесе алмаса

– шетелде оқуды жоспарлап жүрсе

– әлемді шарлап және еркін сөйлесуді армандаса

Ағылшын тілі курсынан кейін олардың үлгерімі де бағасы да жақсарады,шетелдік университетке түсуге дайындығы сәтті өтеді және шетелдегі тіл үйрену лагерінде таным көкжиегін кеңейтеді.

Ата-аналар:

– балаларына шетелдік таңдаулы білім бергісі келсе

– шет тілдерін үйренудің маңыздылығын түсінсе

– баланың әлемді көріп, ой-өрісін кеңейткенін қаласа

New Generation орталығымен сіз өз уақытыңызды үнемдейсіз, қабылдау кезіндегі стресті азайтасыз және балаңыздың болашағы табысты болуына жағдай жасайсыз.

Біздің түлектер Дубайда, Ұлыбританияда, АҚШ-та және әрине, Қазақстанда да тамаша мансап жолын құрып жатыр.

Ал, компания:

– халықаралық серіктестермен байланысты нығайтуды

– командадағы бос орынды неғұрлым құзыретті қызметкерлермен толтыруды

– корпоративтік тренинг пен семинарды ұйымдастыру өкілеттігін тапсыруды қалайды

Қызметкерлер біздің курс арқылы ағылшын тілін меңгеріп, еңбек өнімділігін арттырады.

Сіз корпоративтік курс пен тренингті ұйымдастыруды бізге тапсырасыз және бизнестің басқа саласына назар аударасыз.

erg
erg
erg
erg
erg
erg

Бақытжамал Сыздықова

New Generation халықаралық білім беру орталығының негізін қалаушы

New Generation 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

Павлодардағы үш кабинеттен тұратын шағын кеңседен басталды, онда мен ағылшын тілінен сабақ бердім. Студент көбейді, тағы екі мұғалімді жұмысқа алдық. Осылайша, орталық үлкейе бастады.
Алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып, балалар үшін шет елдегі тіл үйрену лагеріне саяхат ұйымдастырдым. Сондай-ақ шетелдегі мектепке, пансионатқа, университетке Қазақстанда алғашқылардың бірі болып бала жіберген біздің орталық болатын.
Кейін біз корпоративтік жобаларды қосу арқылы қызметімізді кеңейтіп, жетекші тренерлердің қатысуымен Қазақстанның түкпір-түкпірінде және одан тыс жерлерде білім беру семинарлары мен тренингтерін ұйымдастыра бастадық. Соңғы бір жылда біз New Generation жетістігін нығайта түскен менеджмент пен оқытушы құрамын күшейттік.

“Сапалы білім – білім мен тәжірибе басты капиталға айналған заманауи әлемде табыс кілті. Біздің орталықтың миссиясы – мүмкіндігінше қазақ балаларының осы капиталға қол жеткізуін қамтамасыз ету. Білімді жастар – елдің нағыз байлығы, сол елдің көркеюіне үлес қосатын қабілетті күш екеніне сенімдіміз. Біз осы мүмкіндіктерді 25 жыл бойы ашып, қамтамасыз ете алғанымызды мақтан тұтамыз”

Неліктен бізді таңдайды?

Алғашқылардың бірі болып

ТМД-да алғашқылардың бірі болып шетелдік оқу орындарына түсуге қызмет көрсете бастадық. Бұл бізге үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді

IELTS емтиханы

IELTS сынағына British Council уәкілетті тіркеу орталығы

TOEFL емтиханы

TOEFL халықаралық емтиханын тапсыруға арналған уәкілетті және сертификатталған орталық

ICEF кеңесшісі

ICEF (International Consultants for Education and Fairs)

Өтініш қалдырыңыз

New Generation сарапшыларымен байланысып, тегін кеңес алыңыз. Біз сіздің барлық сұрағыңызға жауап береміз және сізге өте қолайлы ең жақсы оқу нұсқаларын ұсынамыз!