Skip to content
Главная страница » Блог » Жаңа буын бизнес-университеттері: HULT-та оқу

Жаңа буын бизнес-университеттері: HULT-та оқу

Бүгінде заманға сай білім алу өте маңызды. Жұмыс берушілерді түлектің қандай дипломы немесе қандай бағалары бар екені емес, оның нақты қандай дағдыға ие екені қызықтырады. Әлемнің топ бизнес-мектептері тәжірибеге бағытталған оқыту үлгісін қолданады: студенттер тағылымдамадан өтеді, нақты компаниялармен жобалар жасайды, кейс-әдістер арқылы теорияны бірден тәжірибеде қолданады. Бұл мақалада шетелде бизнес-білімді қайда алуға болатынын, оның артықшылықтарын және бағасын айтамыз.

Кімге бизнес-вузда оқу қолайлы?

Егер балаңыз табысты кәсіпкер болуды немесе халықаралық компанияда мықты мансап жасауды армандаса, шетелдік бизнес-мектептерге назар аударған жөн. Қазіргі бизнес-жоғарғы оқу орындары тәжірибеге бағытталған және бизнес жүргізу, жобалармен басқару, стратегиялық шешімдер қабылдау үшін қажетті білім мен дағдыларды береді. Халықаралық бизнес-білім ерекше мына бағыттар үшін өзекті:

  • Болашақ стартап иелеріне.
    Егер өз бизнес идеяларыңыз болса, мұндай оқу оларды іске асыруға қажетті құралдарды береді. Бизнес-жоспар жасау, инвестиция тарту, команда басқару сияқты дағдылар меңгеріледі.
  • Отбасылық бизнес иелеріне.
    Егер сіз кәсіпкерлік ортада өскен болсаңыз және ата-ананың ісін жалғастырғыңыз келсе, бизнес-білім бұл істі жаңа стратегиялармен және технологиялармен дамытуға көмектеседі.
  • Ірі компанияларда жұмыс істегісі келетіндерге.
    Мұнда корпоративтік мәдениет, жоба менеджменті және қаржылық талдау үйретіледі, бұл жылдам бейімделуге және мансапта тез өсуге мүмкіндік береді.
  • Мемлекеттік секторда жұмыс істегісі келетіндерге.
     Басқару және экономика саласындағы білім елдің бизнес-климатын жақсарту және басқарушылық мәселелерді шешу үшін қажет.

Hult International Business School – бизнесбілімнің заманауи моделі

Hult International Business School — 1964 жылы құрылған бизнес-мектеп, Бостон, Лондон, Сан-Франциско және Дубайда 4 кампусы бар. Негізгі ерекшелігі — студенттер оқу барысында кампустарды ауыстыра алады.

HULT — Financial Times, Forbes, Fortune, World University Rankings және басқа да беделді рейтингтер бойынша әлемдегі үздік бизнес-мектептердің қатарында. Бұл жерде бизнес теория емес, бірден практика арқылы үйреніледі. Студенттер бірінші курстан бастап нақты компанияларда 3–4 жоба жасайды.

Оқу аяқталған соң түлек мықты портфолиомен шығады, бұл жұмыс берушіге нақты бизнес-дағдыларды көрсетуге мүмкіндік береді. 95% түлек Google, Meta, UNICEF, Amazon, Bosch, Estée Lauder, L’Oréal, Adidas, EY сияқты әлемдік компанияларға 6 ай ішінде жұмысқа орналасады.

HULT-та оқудың артықшылықтары

1. Тәжірибеге бағытталған оқу.
 Оқудың 50%-ы — нақты компанияларда практика. 1-курстан бастап топтық жобалар, бизнес-сценарийлер, модельдеулер, хакатондар өткізіледі. Бұл студентке өзін көрсетіп, оқу кезінде-ақ тағылымдама табуға мүмкіндік береді.

2. Кампус ротациясы.
 2 негізгі кампус — Лондон және Бостон. Жазда Сан-Франциско немесе Дубай кампустарына баруға болады. Әр семестр сайын кампус ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл — Еуропа мен АҚШ-тың оқу және жұмыс мәдениетін көру, жаңа ортада өмір сүру және жаһандық байланыстар құру мүмкіндігі.

3. Дағдыларды дамыту.
 HULT-тың жеке авторлық бағдарламасы бар, онда болашақ бизнесменге қажет негізгі және кәсіби дағдылар дамытылады:

  • антикризистік ойлау;
  • коммуникация;
  • коллаборация;
  • креативті және сыни ойлау;
  • көшбасшылық, кәсіпкерлік ойлау;
  • тез үйрену дағдысы — бүгінгі әлем үшін ең маңызды қабілет.

4. Жеке коучинг.
 Әр студентке жеке ментор бекітіледі. Ол студенттің күшті және әлсіз тұстарын анықтап, білімін мансап мақсаттарымен байланыстырады, барлық оқу барысында бағыттап отырады. Прогресс жеке дашборд арқылы бақыланады.

5. Дайын портфолио.
Түлек тек бағалар тізімімен емес, нақты компанияларда орындаған жобалар портфолиосымен шығады. Сол себепті 95% студент 6 ай ішінде халықаралық компанияларға жұмысқа орналасады.

6. 40+ елден студенттер мен мықты практик-оқытушылар.
150-ден астам ұлт өкілдерімен бірге оқу, халықаралық ортада тәжірибе жинау, болашақ серіктестер мен инвесторлар табу — үлкен артықшылық. Оқытушылар — ірі компанияларда жұмыс істейтін немесе бизнесі бар практиктер.

HULT бағдарламалары

Бакалавриат, магистратура және MBA бағдарламалары бар.
 Бакалавриатта алдымен жалпы модульдер оқылады, кейін негізгі (major) және қосымша (minor) бағыт таңдалады.

HULT-қа қалай түсуге болады?

Қазақстандық түлектер мектепті бітірген соң бірден 1-курсқа түсе алады. Foundation қажет емес.

Талаптар:

  • IELTS 6.0 (әр секциядан кемінде 5.5) немесе TOEFL 80;
  • онлайн-собеседование.

Бағасы: жылына 46 000–56 000 USD.
 Стипендия: 50%-ға дейін беріледі (академиялық жетістіктерге, отбасының қаржылық жағдайына немесе студент мотивациясына қарай).

Біз қандай көмектер көрсетеміз?

New Generation — HULT-тың ресми серіктесі. 25 жылдан бері 2000+ студентті шетелге оқуға орналастырдық.

Біз:

  • университет таңдап береміз,
  • құжаттарды дайындап, тапсырамыз,
  • визамен көмектесеміз,
  • жеке жеңілдіктер рәсімдейміз,

студентке шетелде оқып жатқанда да қолдау көрсетеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.