Швейцария — тұрақты экономикасы мен өмір сүру деңгейі жоғары ел. Швейцариялық білім әлемдегі ең элиталық білімнің бірі болып саналады және оның құны да арзан емес: жекеменшік университеттерде оқу ақысы жылына 34 мың франктан басталады. Бірақ мұндай диплом көптеген халықаралық компаниялардың есігін ашады.
Бұл мақалада біз Қазақстаннан шыққан студентіміз Русланның Webster University Geneva Campus университетіне қалай түскені туралы тәжірибесімен бөлісеміз. Бұл — шешім қабылдауды да, әрекет етуді де жылдам талап еткен жағдайлардың бірі.
Руслан New Generation компаниясына қандай сұраныспен жүгінді
Руслан ата-анасымен бірге 2024 жылдың мамыр айында Швейцариядағы жоғары оқу орындары туралы толығырақ ақпарат алу үшін бізге жүгінді. Ол кезде Руслан 11-сыныпты аяқтап, қорытынды емтихандарға дайындалып жүрген.
Біз әдетте шетелге оқуға құжат жинауды кем дегенде 1–2 жыл бұрын бастауға кеңес береміз. Себебі құжат дайындаудан бастап, қажетті инстанцияларға уақтылы тапсыруға дейін көптеген маңызды нюанстар бар.
Өтініш беру уақыты кеш болғандықтан, дайындалуға берілген уақыт өте аз еді. Біз Русланға Webster University Geneva Campus университетін ұсындық — әлем бойынша филиалдары бар мықты америкалық университет, әрі сол кезде әлі де өтінім қабылдап жатқан оқу орындарының бірі болатын. Webster University-дің бакалавриат және магистратура білім бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өткен және студенттерге болашақ мансап үшін кең мүмкіндіктер береді.
Біздің білім беру орталығымыз қалай көмектесті
Русланның академиялық көрсеткіштері жақсы болғандықтан, университетке қабылдануда еш қиындық болмады. Біз университетке өтінішті жедел дайындап, барлық қажетті құжаттарды тапсырдық.
Швейцария университетіне түсу үшін қажет құжаттар:
— мектептегі үлгерім табелі;
— ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат (IELTS 5.5–6 немесе TOEFL 80);
— мотивациялық эссе;
— мұғалімдерден 2 ұсыныс хаты;
— паспорттың сканы.
2024 жылдың 7 маусымында Руслан «шартты қабылдау» алды, содан кейін біз визаға құжат жинауды бастадық.
Ата-анасы барлық қажетті құжаттарды жылдам жинады, біз өз тарапымыздан олардың дұрыс рәсімделуін тексеріп, мотивациялық хатты, академиялық резюмеңді, виза анкетасын толтыруға көмектестік. 18 маусымда құжаттар Швейцария елшілігінің визалық орталығына қабылданды.
Студенттік визаны күту кезеңі
Виза күту — ең уайымдатқан кезең болды, себебі құжаттарды қарау 12 аптаға дейін созылуы мүмкін. Ал оқу 2024 жылдың тамызында басталатын. Сол себепті үлгермеу қаупі болды.
Бірақ біз тоқтап қалмадық: университетке Русланның ісін елшілікке жеткізу туралы хаттар жаздық. Университет өкілдері де әр апта сайын елшілікке студенттердің тізімін жолдап отырды. Сонымен қатар университет Русланға бір апта кеш келуге рұқсат беріп, жағдайды жеңілдетті.
Абырой болғанда, виза уақытында шықты. 23 тамызда Руслан Швейцарияға ұшып барып, Computer Science мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасында оқуын бастады.
Қазір ол бірінші семестрін аяқтап үлгерді және оқу процесінің ұнап жатқанын, университет пен елге риза екенін айтады. Студенттік өмірі де өте белсенді екенін бөлісті.
Русланның анасының пікірі:
«… Біз келісімшарт жасап, дәл оқығымыз келген ел — Женева (Швейцария) бойынша университет таңдадық. Команда барлық құжаттар бойынша өте жедел көмектесті, біз шешім қабылдаған сәттен бастап 2–3 аптаның ішінде оқуға түсіп қойдық. Шетелге оқуға түсуге қызмет көрсететін компаниялар көп, бірақ дәл New Generation сияқты жүйелі, кәсіби команда көрмеппін! Кейін ВНЖ рәсімдеу, бөлме таңдау және басқа да маңызды кезеңдер болды — барлық жерде НП мамандары қасымызда болды. Біздің бүкіл процесс өте жеңіл әрі тез өтті! Бұл — НП командасының кәсіби жұмысының нәтижесі.
Қазір де ұлым да, мен де НП қыздарымен тұрақты байланыстамыз, чатта барлық маңызды сұрақтарды талқылаймыз. Биыл ерекше көңілге жылы тигені — НП жетекшісі Бахыт Женеваға келгенде, арнайы уақыт бөліп, ұлыммен кездесіп, жағдайын сұрап, оқуын, тұрмысын білгені. Бұл — кәсібиліктен бөлек, үлкен адамгершілік пен қамқорлықтың белгісі! НП командасына және ерекше Бахыт Амангазыевнаға алғысымыз шексіз!»
New Generation орталығының оқудан кейінгі қолдауы
New Generation халықаралық білім беру орталығы қазақстандық студенттерге шетел университеттеріне түсуге ғана емес, оқу барысында да толық қолдау көрсетеді.
Біз 1 немесе 2 жылдық сүйемелдеу пакеттерін ұсынамыз және келесі сұрақтар бойынша көмектесеміз:
— Егер студент университет немесе факультет ауыстырғысы келсе — университеттермен коммуникация және құжаттарды дайындау;
— ВНЖ ұзарту — құжат жинау және мемлекеттік органдарға жазу;
— Тұрғын үй мәселелері — жаңа орын табуға көмек;
— Егер студент емтиханнан өте алмаса — қайта тапсыру мүмкіндігін анықтау.
Біз студенттерімізге шетелде оқу мен өмірдің барлық кезеңінде сүйемелдеу көрсетеміз.Балаларыңыздың білімін кәсіби мамандарға сеніп тапсырыңыз — New Generation-ге жүгініңіз!
