Неге халықаралық емтихандар қажет
Шетелге түскенде талапкер тілдік және академиялық дағдыларын стандартталған тесттер арқылы растайды. Ағылшын тілі бойынша емтихандар — студенттің ағылшын ортада оқуға дайын екенін көрсететін құрал және университеттерге үміткерлерді салыстыруға көмектеседі. Негізгі сұрақ — қай емтиханды таңдау: IELTS, TOEFL немесе SAT. Әрқайсысының мақсатын түсініп, қай жағдайда қайсы қажет екенін қарастырайық.
IELTS: Academic және General
IELTS екі форматта болады:
- IELTS Academic — бакалавриат пен магистратураға түсу үшін.
- IELTS General — көші-қон және жұмысқа орналасу үшін.
Екі формат та 4 дағдыны тексереді: Listening, Reading, Writing, Speaking. IELTS сертификатын Еуропа, Азия, Канада, Австралия және Ұлыбритания университеттері мойындайды.
IELTS тек арнайы орталықтарда тапсырылады. Қазақстанда ол IDP IELTS Kazakhstan орталықтарында өткізіледі. Формат — тек офлайн, сондықтан күні мен орнын алдын ала жоспарлау маңызды.
Ұсыныс: сенімді нәтиже үшін жүйелі дайындық қажет — курс, жеке сабақтар, 3 MOCK-тест және жеке оқу маршруты.
Біздің орталықта:
- офлайн дайындық — Павлодарда,
- онлайн топтар мен жеке сабақтар — басқа қалалардағы студенттерге.
Толығырақ — [IELTS дайындығы біздің орталықта].
TOEFL: ерекшелігі және кімге қолайлы
TOEFL — ағылшын тілі бойынша академиялық тест, шетелдік университеттерге түсуге бағытталған. Құрылымы IELTS-ке ұқсас (оқу, тыңдау, жазу, сөйлеу), бірақ форматы басқа: барлық тапсырмалар компьютерде, интерфейс құрылымды.
Артықшылығы: TOEFL-ды офлайн ғана емес, онлайн да тапсыруға болады (TOEFL iBT Home Edition). Бұл аймақтардағы студенттерге ыңғайлы.
TOEFL-ды АҚШ пен Азияның көптеген ЖОО-лары қабылдайды. Егер компьютерлік формат пен құрылымды тапсырмалар ыңғайлы болса — TOEFL жақсы нұсқа.
SAT: тек ағылшын емес
SAT — бұл тек тілдік тест емес. Ол бакалавриатқа академиялық дайындықты тексереді:
- Evidence-Based Reading and Writing (ағылшын бөлімі),
- Math (математика).
Көбіне АҚШ-та бакалавриатқа түсу үшін қажет, магистратураға талап етілмейді.Плюстары: критерийлері түсінікті, талапкерлерді әділ салыстыруға мүмкіндік береді.
Минустары: дайындық тек ағылшынға емес, математикаға да қажет.
IELTS, TOEFL және SAT салыстыру
Мақсаты:
- IELTS — тілдік деңгейді растау (ЖОО/миграция).
- TOEFL — сол мақсат, көбіне АҚШ/Азияға.
- SAT — АҚШ бакалавриаты (кейде басқа елдер).
Фокусы:
- IELTS/TOEFL — тек тіл.
- SAT — тіл + математика.
Қайда қабылдайды:
- IELTS — Еуропа, Азия, Канада, Австралия, UK.
- TOEFL — АҚШ және халықаралық.
- SAT — негізінен АҚШ (бакалавриат).
Не қиынырақ:
- Тіл әлсіз болса → IELTS/TOEFL.
- АҚШ бакалавриаты керек болса → қосымша SAT.
Сұрақ «IELTS немесе SAT?»
Бұл екеуі алмастырмайды. АҚШ-қа түсу үшін жиі екеуі де қажет (тіл + SAT).
Қайсын таңдау және қалай дайындалу?
3 факторға сүйеніңіз:
- Ел және бағдарлама. АҚШ бакалавриаты — IELTS/TOEFL + SAT; Еуропа/Азия — көбіне IELTS Academic жеткілікті.
- Тіл деңгейі. Бастапқы деңгей төмен болса — IELTS дайындықтан бастау, кейін TOEFL/SAT қосу.
- Уақыт. Дедлайн жақын болса — өз күшіңізді жақсырақ көрсететін емтиханды таңдаңыз.
New Generation-де біз сізге қай емтихан керегін (бакалавриат/магистратура) анықтауға, жоспар құруға және мерзімдерді белгілеуге көмектесеміз.
IELTS дайындығы (NGEC курстары мен репетиторларымен)
Біздің IELTS курстарымыз нақты нәтижеге бағытталған:
- 6 ай жүйелі дайындық,
- 108 сабақ,
- 3 MOCK-тест толық талдаумен,
- спикер-носительмен Speaking-сессиялар,
- жеке оқу траекториясы.
Форматтар: топтық және жеке, офлайн және онлайн.
Біз сізді толық сүйемелдейміз — бастапқы диагностикадан қажетті балға дейін. Өтініш қалдырыңыз, маманымыз оқыту форматы мен ең жақын басталу күні бойынша кеңес береді.