Шетелдегі бизнес-мектепке түсу — үлкен мүмкіндіктер мен табысты мансапқа бастар жол. АҚШ пен әлемдегі ең беделді бизнес-мектептің бірі — HULT халықаралық бизнес мектебі. Бұл мақалада біз HULT дегеніміз не, неге дәл осы оқу орнын таңдау керек және онда қандай бағдарламалар ұсынылатыны жайлы айтамыз.

HULT деген қандай бизнес-мектеп?
HULT International Business School — бұл студенттерге бакалавриат пен магистратура деңгейінде сапалы білім алуға мүмкіндік беретін жаһандық бизнес-мектеп желісі. 1964 жылы негізі қаланған бұл университет инновациялық оқыту тәсілдерімен және халықаралық бағдарға ие. HULT-тың оқу кампустары Бостон, Сан-Франциско, Лондон және Дубай сияқты қалада орналасқан. Негізгі оқу процесі үшін студенттер Бостон немесе Лондон қаласын таңдай алады, ал жазғы семестрлерді Сан-Франциско немесе Дубайда өткізуге болады. Бұл мүмкіндік студенттерге түрлі мәдениет пен экономикалық жүйе аясында бизнесті тереңірек түсінуге жол ашады.
HULT университетіне оқуға түсуге 5 негізгі себеп
1. Халықаралық кампус желісі
HULT-тың басты артықшылығының бірі — әртүрлі елде білім алу мүмкіндігі. Студенттер семестрлерді АҚШ, Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізе алады. Бұл оларға әртүрлі елден келген тәжірибелі ұстаздан білім алуға, сондай-ақ түрлі экономикалық ортада орналасқан нақты компанияда тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.
2. Практикаға негізделген оқу жүйесі
HULT бағдарламасы практикалық бағытқа негізделген. Студенттер нақты жобалар мен бизнес-симуляцияларға қатысады, бұл теориялық білімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Бірнеше оқу модулін аяқтағаннан кейін студенттер әлемдік деңгейдегі компанияларда тәжірибе жинақтап, алған білімдерін бекітеді. Оқу барысында әр студент 12-ге дейін осындай тәжірибеден өтеді. Бұл – өзін көрсетуге және болашақ жұмыс берушілер үшін алғашқы бизнес-портфолио құруға тамаша мүмкіндік.
3. Студенттік өмірдің әртүрлілігі
HULT университеті өз студенттерінің көпұлтты құрамымен мақтанады. Кампуста 120-дан астам елдің өкілдерін кездестіруге болады, бұл оқу орнында ерекше атмосфера қалыптастырады. Университет жанында 10-нан астам әртүрлі студенттік клуб жұмыс істейді, олар студенттерге өз қабілеттерін көрсетуге және таланттарын дамытуға жағдай жасайды.
4. Кең ауқымды мансаптық мүмкіндік
HULT түлектері халықаралық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Университетті бітіргеннен кейін 6 ай ішінде студенттің 95%-ы жұмысқа орналасады. Көпшілігі мансабын бірден Meta, Google, L’Oréal, Adidas сияқты халықаралық компанияда бастайды. Университет ірі корпорациялармен тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл студенттерге оқу аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өтуге және жұмыс табуға зор мүмкіндік береді.
5. Инновациялық бағдарламалар
HULT оқу бағдарламаларын заманауи тенденциялар мен нарық талабына сай үнемі жаңартып отырады. Сонымен қатар, оқу барысында әрбір студентке жеке коуч-куратор тағайындалады, ол студенттің дамуына бағыт-бағдар беріп, әрдайым қолдау көрсетеді.
Hult университетінде болашақ кәсіпкерлер мен жетекшілерге қажет маңызды қасиеттерді дамытуға бағытталған тұтас жүйе қалыптасқан. Оқу кезінде студенттерде сыни және аналитикалық ойлау, креативтілік, коммуникация, көшбасшылық қабілеттері мен тез үйрену дағдылары дамытылады. Бұл қасиет түлектерге экономика мен еңбек нарығының үнемі өзгеріп тұратын талаптарына жылдам бейімделуге мүмкіндік береді және олардың әрдайым жоғары сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.

HULT қандай бағдарламалар ұсынады?
HULT әртүрлі мақсат пен мансаптық даму кезеңдеріне сай бейімделген түрлі бағдарламаны ұсынады. Негізгі бағдарламалар мыналарды қамтиды:
- Бакалавриат — төрт жылдық бағдарлама, теория мен практиканы біріктіреді, түрлі бизнес саласын оқуға мүмкіндік береді. Оған Қазақстан мектептерінің және колледждерінің түлектері түсе алады.
- Магистратура — халықаралық бизнес, қаржы менеджменті, маркетинг және жобаларды басқару бойынша бағдарламалар.
- MBA — тәжірибелі мамандарға арналған классикалық бағдарлама, кәсіби деңгейін арттырып, жаңа деңгейге шығуға бағытталған.
- Executive MBA — жоғары лауазымды басшылар мен топ-менеджерлерге арналған бағдарлама, икемді оқу кестесі мен сапалы білім ұсынады.
Әрбір HULT бағдарламасы практикалық дағдыларды дамытуға және студенттерді бизнес тапсырмаларына дайындауға бағытталған.
Бакалавриатқа түсу шарттары
HULT-тың бакалавр бағдарламасына түсу үшін келесі талапты орындау қажет: Қатысушылар кемінде 17 жаста болуы тиіс.Оқу мерзімі стандартты бағдарлама бойынша 3 жыл, ал біріктірілген бағдарлама бойынша 4 жылға дейін созылуы мүмкін.Ағылшын тілін меңгеру IELTS сертификатымен расталуы қажет, минималды балл – 6.0.Сонымен қатар, үміткер орта білім алғанын растайтын аттестатқа ие болуы керек.
HULT-тағы студенттік өмір
HULT-тағы студенттік өмір т.үрлі оқиғаға толы, белсенді өтеді. Оқуынан бөлек, студенттер өз қызығушылықтарына сай көптеген клуб, спорт секциясы және мәдени шараларға қатысады. Шетелдік студент үшін HULT-тағы маңызды аспектілердің бірі – халықаралық байланыстарды орнату және болашақта пайдалы болуы мүмкін байланыс желісін құру.
HULT бизнес-мектебінің дипломдары бүкіл әлемде мойындалған
HULT бизнес-мектебінің дипломдары бүкіл әлемде мойындалған, жұмыс берушілер арасында жоғары беделге ие. Университет Forbes, Financial Times және басқа да ірі басылымның рейтингінде ең үздік 100 бизнес-мектептің қатарына кіреді. HULT түлегі қаржы секторы, технологиялар, консалтинг және халықаралық сауда сияқты әртүрлі саладағы жетекші компанияларда табысты еңбек етеді. Сонымен қатар, бұл диплом әлемнің кез келген беделді университеттері мен бизнес-мектептерінде білімін жалғастыруға жол ашады.
Біз сізге қалай көмектесе аламыз
«Жаңа Ұрпақ» халықаралық білім беру орталығы тілдік білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және шетелге оқуға түсуге көмек көрсету саласында 25 жылдық тәжірибеге ие. Біз ТМД елдері арасында шетелдік оқу орындарына қабылдау қызметін алғашқы болып ұсынып, тәжірибе жинақтадық және 20-дан астам елдегі оқу орнымен серіктестік желісін құрдық.
Біздің координатор HULT мектебіне түсу процесінің барлық кезеңінде — бағдарлама таңдаудан бастап құжаттарды тапсыруға және сұқбатқа дайындыққа дейін көмектеседі.
Сонымен қатар, біздің компания арқылы оқуға түскен жағдайда сізге оқу ақысына арнайы қаржылық жеңілдік ұсынылады, оның ішінде әр оқу жылы үшін 5000 доллар жеңілдік беріледі.
Неліктен бізді таңдайды:
- Біз студенттерді Еуропа, Америка және Азия университеті қоса алғанда, әлемнің 20 еліндегі оқу орындарына жібереміз.
- Әрбір оқу орнын жеке тексеріп, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін толық білеміз.
- Біз сізге қамқорлық жасаймыз және оқуға түсу процесін күйзеліссіз етеміз.
- Қай жерде үнемдеуге болатынын және неден үнемдемеу керектігін айтамыз.
Халықаралық бизнес-мектеп HULT студенті болу және әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Бүгін-ақ «Жаңа Ұрпақ» халықаралық білім беру орталығына хабарласыңыз, біз сізге жаһандық бизнесте табысты мансапқа алғашқы қадам жасауға көмектесеміз.
