Skip to content
Главная страница » Блог » Мектеп оқушысы ағылшын тілін қалай үйрене алады?

Мектеп оқушысы ағылшын тілін қалай үйрене алады?

Қазіргі заманда ағылшын тілін білу — білім алудың және табысты кәсіби өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Мектеп оқушылары үшін ағылшын тілін үйрену — жаңа мүмкіндікке жол ашып қана қоймай, сонымен қатар тәртіп, мотивация, табандылық сияқты болашақта қажет болатын жеке қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Бұл мақалада мектеп оқушысы ағылшын тілін қалай нөлден бастап үйрене алатыны, бұл үдерісті қызықты әрі нәтижелі ететін әдіс пен ресурс туралы айтамыз.

Балалар неге ағылшын тілін үйренуі керек

Ағылшын тілі жай ғана оқу пәні емес, ол — қарым-қатынас жасауға, білім алуға және болашақта табысты мансап құруға арналған маңызды құрал. Ағылшын тілін меңгеру мектеп оқушыларына келесі мүмкіндікті ашады:

  • IELTS және TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыруға мүмкіндік береді, бұл шетелде оқуға жол ашады.
  • Ағылшын тілінде жазылған оқу материалдары мен ғылыми зерттеулерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адаммен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, бұл көзқарасты кеңейтіп, мәдени түсінікті арттырады.
  • Беделді университеттерге түсу және болашақта табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

Мақсат қою

Бала ағылшын тілін үйренуді бастамас бұрын, оқу мақсатын нақты анықтау маңызды. Ол келесі мақсат болуы мүмкін:

  • Мектептегі ағылшын тілі пәні бойынша бағаларын жақсарту.
  • Тілдік кедергіні жою және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Шетелдік оқу орындарына түсу үшін халықаралық емтихандарға дайындық.
  • Саяхаттар мен халықаралық жобаларға қатысу үшін коммуникативтік дағдыларды дамыту.
  •  Олимпиадалар мен байқауларға қатысу үшін тілді меңгеру.

Мақсатты нақты түсіну – баланың қажеттілігі мен қызығушылығына сай келетін тиімді әдістер мен ағылшын тілі курстарын таңдауға көмектеседі.

Ағылшын тілін сәтті меңгеруде дұрыс курс пен оқу материалдарын таңдау — шешуші рөл атқарады. Бұл ретте баланың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейін ескеру өте маңызды. Жаңадан бастаушылар үшін ағылшын тілін үйрететін балалар курстары өте қолайлы, оларда тілді ойын арқылы меңгеруге мүмкіндік беретін интерактивті әдістер мен қызықты тәсілдер қолданылады.

Ыңғайлы курсты қалай таңдау керек?

Қазіргі уақытта мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілінің көптеген курсы бар. Курсты таңдағанда келесі маңызды жайтқа назар аудару қажет:

Оқыту әдістемесі. Балаларға арналған тіл курстарын іздегенде, заманауи оқыту әдістемелерін, соның ішінде ойын формаларын қолданатын курстарды таңдаңыз.

Мұғалімдердің біліктілігі. Мұғалімдер сертификатталған мамандар болуы керек, халықаралық сертификаттарға ие болғаны дұрыс (мысалы, TKT, TESOL, CELTA). Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдермен жұмыс тәжірибесі болуы қажет.

Оқу ордасының беделі. Балаларға арналған ең жақсы ағылшын тілі курстарын таңдау үшін пікірлер мен ұсынысты зерттеңіз.

Балаларға ағылшын тілін үйретуде не маңызды

Балалардың ағылшын тілін тиімді меңгеруі мен жылдам алға басуы үшін маңызды нәрселер:

  • Сабақтарға жүйелі қатысып, үй тапсырмаларын орындау қажет.
  • Жазғы демалыс кезінде сабақтарды үзбеу маңызды. Үш айлық каникулда бала  жыл бойы үйренгенін ұмытып қалады. Жазда баланы ағылшын тілін үйренуге баса мән берген жөн. Өйткені бұл кезде үй тапсырмалары мен үйірмелерге алаңдамай, ақпаратты жеңіл әрі тиімді қабылдайды.
  • Тілді ана тілі ретінде сөйлейтін адаммен қарым-қатынас жасау. Хат алмасатын достар тауып немесе ағылшын тілін үйрететін мектептің сөйлеу клубына қосылыңыз.
  • Ағылшын тіліндегі фильм мен мультфильмді көру. Бұл сөйлеуді жақсы түсінуге және сөздік қорды толықтыруға көмектеседі. Ең қарапайым видеолардан бастаған дұрыс.
  • Ағылшын тіліндегі кітаптар мен мақалаларды оқу. Балаларға ағылшын тілінде оқуды үйрету мәтінді түсіну дағдыларын жақсартуға және сөздік қорын молайтуға ықпал етеді.

Қазіргі технологиялар ағылшын тілін үйренуге арналған көптеген қосымша ресурсты ұсынады. Олардың ішінде:

  • Онлайн-курстар мен вебинарлар: Көптеген білім беру платформасы балаларға арналған ағылшын тілін онлайн форматта оқыту курсын ұсынады, бұл ыңғайлы уақытта білім алуға мүмкіндік береді.
  • Мобильді қосымшалар: Қосымша ағылшын тілін үйренуді интерактивті тапсырма мен ойын арқылы қызықты әрі қолжетімді етеді.
  • Ағылшын тілін үйренуге арналған ойын: Балаларға жаңа сөз  бен грамматикалық құрылымдарды ойын арқылы үйренуге көмектеседі, бұл оқу процесін қызықты әрі есте қалдырады.

Біз қалай көмектесе аламыз?

«Жаңа Ұрпақ» халықаралық білім беру орталығы ағылшын тілін үйретуге арналған түрлі бағдарламаны ұсынады. Біз 25 жыл бойы тілдік білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру саласында мамандандық және балалар мен жасөспірімдерге арналған ағылшын тілі курстарын ұсынамыз:

Онлайн және офлайн сабақ. Бізде Павлодар қаласында ағылшын тілі мектебі бар, онда сіздің балаңыз заманауи және жайлы аудиторияларда барынша тиімді оқи алады. Егер сіз басқа қалада тұрсаңыз, онда онлайн бағдарламаға қатысуға шақырамыз. Онлайн сабақ  Zoom платформасында өтеді. Біздің әдіскерлер балаларға арналған оқу бағдарламасын бейімдеп, онлайн курстарды қызықты әрі нәтижелі ету үшін интерактивті мүмкіндіктердің барлығын пайдаланды.

Сабақтың оңтайлы уақыты. Курстың бағдарламасы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай   әзірленген. Ұзақтығы баланың жасына және аптадағы сабақ санына байланысты 50 немесе 75 минутты құрайды және ағылшын тілінен жаңа білімді толық меңгеруге қажетті барлық ақпаратты қамтиды. Әрбір сабақ грамматиканы, тыңдауды, сөйлеуді және сөздік қорды бірдей дәрежеде дамытуды қамтиды. Біз үшін сіздің балаңыз тек грамматиканы оқумен шектелмей, ағылшынша еркін сөйлеуі маңызды.

Халықаралық стандарттар. Біз Кембридж және Оксфорд оқу құралдарын пайдаланамыз. Балаңыз үздік еуропалық ағылшын тілі оқыту стандарты бойынша білім алады. Барлық мұғалімнің TESOL, TKT, CELTA сияқты халықаралық сертификаты бар, олар ағылшын тілінен шетел тілі ретінде сапалы оқытатынын растайды.

«Жаңа ұрпақ» халықаралық білім беру орталығы бағдарламасымен оқуды бастаңыз. Біздің координатордан тегін кеңес алуға өтініш қалдырыңыз. Біз сізге ең қолайлы оқу бағдарламасын таңдап береміз.

Біз жас ерекшелігі мен дайындық деңгейі ескерілген балаларға арналған үздік ағылшын тілі курсын ұсынамыз. Біздің мұғалімдер баланың ағылшын тілін жаңадан үйренуіне және керемет нәтижелерге жетуіне көмектеседі.