Skip to content
Главная страница » Блог » Австрияға оқуға сәтті түсу тарихы: дайындықтан қабылдауға дейінгі жол

Австрияға оқуға сәтті түсу тарихы: дайындықтан қабылдауға дейінгі жол

Клиент Австрияны неліктен таңдайды

Австрия клиент арасында сұранысқа ие. Біз бұның себебін жақсы түсінеміз. Австрия университеттері әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Бұл елде сапалы білім алу кез келген талапкерге қолжетімді. Сонымен бірге, ТМД елінен келген жастарға оқуға түсу  қолайлы әрі оңтайлы.

Бұл мақалада біз Вена қаласындағы университеттің студенті атанған клиентіміз Диляраның табысқа жету хикаясымен бөлісеміз. Мүмкін, дәл осы оқиға шетелде жоғары білім алуды жоспарлап жүрген немесе әлі де шешім қабылдамаған жандарға шабыт берер.

Диляра “Жаңа Ұрпақ” орталығына қандай мақсатпен келді

Диляра 2022 жылдың желтоқсанында білім беру орталығына «Бизнес-ұйымдастырушы» мамандығын Еуропада ағылшын тілінде оқуға түсу деген мақсатпен келді. Ол кезде 11-сынып оқушысы еді, мектеп бітіруге шамалы уақыт қалған.

Біз сұранысын зерттеп, оған бірнеше нұсқаны ұсындық, ішінде Венадағы Вебстер жеке университеті де болды. Австрияда оқу ағылшын немесе неміс тілінде болуы мүмкін. Мемлекеттік жоғары оқу орындарынан айырмашылығы, Австриядағы жеке университетке 11-сыныпты бітіре салып түседі. Бастысы басқа еуропалық елдегідей Foundation дайындық бағдарламасынан өту қажет емес, бірден бакалавриатқа түсуге болады

Австрияға түсуге дайындық қалай жүргізілді

“Жаңа ұрпақ” орталығының жеке менеджері академиялық жоспар әзірлеп, түсу бюджетін есептеп, барлық құжатты университетке дайындап жіберді. Виза рәсімдеу үшін жұмысты бастап кетті.

  • Алғашқы қиындық

Диляраның ағылшын тілі деңгейі жақсы болды, бірақ, өкінішке қарай, тестілеу нәтижесімен оған Австрияға бакалавриатқа бірден түсу үшін аздаған ұпай жетіспеді. Біз тағы бір жылды жоғалтқымыз келмеді. Университет бізге көмек көрсетті: арнайы өкілімен әңгімелесіп, бойжеткенді интенсивті ағылшын тілі курсына қабылдады. Курс 1-4 семестрге арналған және ағылшын тілін меңгеруді жақсартуға бағытталған.

2023 жылдың қыркүйегінде Диляра Австрияға дайындық курсына келді. Қажетті деңгейге жетуге небары  бір семестр жеткілікті болды.

  • Әр істің қайыры бар!

Курс кезінде түлектің Австриядағы студенттік өмірді өзі барып көзімен көруге, ойлануға және шешім қабылдауға уақыты болды. Оның ішінде университет, таңдалған мамандық, елдің мәдениеті мен менталитеті, жалпы ұнайтын-ұнамайтын тұсын көрді.

Оқу бағдарламасына көшу сәтінде  Диляра мамандығын «Менеджмент саласындағы бакалавр, маркетингке басымдық беремін деп шешім қабылдады. Оған бағдарламаның күрделірек екені айтылды, бірақ ол қаймыққан жоқ. Қазір ол Венадағы Вебстер жеке университетінің 2-курс студенті!

Бүгін біз Диляраға қолдау көрсетуді жалғастырамыз, себебі оның ұзақ мерзімді қолдау пакеті бар. Бұл дегеніміз “Жаңа ұрпақ”-тың жеке менеджері үнемі байланыста болып, университетпен қарым-қатынас, тұру, уақытша тұруға рұқсатты ұзарту, виза және басқа да мәселеге көмек көрсетеді деген сөз.

  • Диляраның пікірі

Венаға түсуге көмектескен «Жаңа ұрпақ» компаниясына алғыс айтқым келеді. Бірлескен тыңғылықты жұмыс үшін, тұрақты байланыс пен кез келген сұраққа жауап бергені үшін. Мен үшін оқуға түсу ыңғайлы әрі жеңіл болды, өйткені компания негізгі жұмысты өз мойнына алды. Маған бағыт беріп отырды.

Бақыт Аманғазықызына ерекше алғысымды білдіремін, себебі ол Венаға түсуге кеңес берген еді. (Дұрыс шешім қабылдаған екен). Кристинаға байланыс және көмек үшін рақмет. Мен бірге жұмыс істегенді шынымен ұнатамын, ол өз ісінің нағыз маманы. Барлық процесті бақылап, еске салып, әртүрлі ұсақ-түйек мәселелер үшін алаңдады. Рақмет!

Біз қалайша пайдалы бола аламыз?

Көріп отырғаныңыздай, әртүрлі жағдай.Егер Австриядағы немесе әлемнің кез келген еліндегі жоғары оқу орындарына түсу кезінде дұрыс кәсіби көмек таңдалса барлық мәселені шешуге болады.

“Жаңа Ұрпақ” білім беру орталығы 25 жыл бойы студенттер мен  ата-анасына сенімді қолдау көрсетіп келеді. Біз әлемнің 20-дан астам еліндегі серіктес жоғары оқу орындарымен жұмыс істейміз.

«Оқуға түсу + 1 жыл/2 жыл қолдау» пакетіне не кіреді?

  1. Жеке шешім: Сіздің сұранысыңыз, қалауыңыз бен бюджетіңізді жан-жақты зерттей отырып, бірнеше қолайлы нұсқаны ұсынамыз.
  • Қауіпсіз таңдау: Сіз жоғары оқу орнын және елді тексерілген, сенімді ақпарат негізінде таңдайсыз. Бізбен бірге алаяқтарға немесе сапасыз білімге тап болу қаупі жоқ. Өйткені әрбір университетке өзіміз барып, көзімізбен көріп қайттық.
  • Қаржылық ашықтық: Біз оқу мен тұру шығынын бүкіл оқу кезеңіне есептеп береміз. Қаржы жағынан әзірлену жоспарын жасауға көмектесеміз. Күтпеген көлемді шығынның алдын алуға жәрдем береміз.
  • Кезең-кезеңімен дайындық: Біз қабылдау талабына сәйкес нақты жоспар құрып, әсіресе тіл білу деңгейін дәлелдейтін  сертификатқа ерекше назар аударамыз. Не істеу керектігін анық біліп отырасыз.
  • Нақты мерзім: Университетке құжаттардың уақтылы әрі дұрыс рәсімдеп тапсыратыныңызға сенімді боласыз. Университетпен байланыс пен уақытты қадағалау біздің мойнымызда. 
  • Виза мәселесінде қолдау: Сіз өз ісіңізбен айналысасыз. Біз виза алу мерзімін бақылап, барлық ұйымдастыру жұмысын жүргіземіз.
  • Тұрмыс және жайлылық: Балаңыздың қайда тұратынына алаңдаудың қажеті жоқ. Біз ыңғайлы тұрғын үй тауып, медициналық сақтандыруды рәсімдеп, көші-қон қызметінде және басқа қажетті орындарда тіркеуден өткіземіз.

Уақытты үнемдеп, артық шығын мен жүйкеңізді тоздырғыңыз келмесе  «Жаңа ұрпақ» орталығына жүгініңіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.