Мамандықты бұрын қалай таңдады, ал қазір қалай таңдалады
Есіңізде ме, 20 жыл бұрын көбіміз оқу орнын немесе мамандықты тек «жұрттың бәрі соны оқып жатыр» деген соң ғана таңдаған едік. Кейін көпшілігі қайтадан білім алып, қалаған мамандығын қайта оқыды. Бақытымызға орай, қазір бәрі өзгеріп жатыр! Біз, ата-ана, баланың бақытты әрі табысты болуы үшін ынтасы мен мотивациясының қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Бала үшін үздігін таңдаймыз. Ал бұл жастағы балаға ең қажеті сапалы білім, сұранысқа ие әрі ұнайтын мамандық, болашақта табыс әкелетін кәсіп.
Сондықтан балаға мамандық таңдау және жоғары оқу орнына түсерде жауапкершілікпен қараған жөн. Алайда, көбінесе жоғары сынып оқушылары сабақ пен алдағы емтихан туралы ойлаудан шаршап, адасып, не қалайтынын білмей, тіпті өз қалауын түсінбей жатады. «Барлығы IT-ге барады, мен де барамын» деп айта салуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Кәсіби бағдар беруші маманның үш маңызды кеңесі
Соңғы уақытта ата-ана кәсіби көмекке жиі жүгініп, маманнан баланың қабілет-қарымын анықтауды, қандай мамандық немесе бағыт көбірек сәйкес келеді деп көмек сұрайды. Кейде дәл осы көмек бәрін «орнына қойып», таңдауды нақтылауға көмектеседі.
Біз шетелдегі «Ванкувер» және «Бостон–Нью-Йорк» жазғы демалыс бағдарламаларына профориентологпен кездесуді енгіздік. Ол әр бала үшін жеке кәсіби бағыт көрсетеді. Ал осы мақалада маманның жасөспірімдерге уақыт пен күшін босқа жұмсамау үшін және қажетті бағытты тезірек табу үшін берген кеңесімен бөлісеміз.
Сонымен, мамандық таңдаудың 3 қадамы:⠀
- Оның мықты тұсы мен жеке қасиетін анықтаңыз.
Өзіңді тану маңызды. Бала өзіндегі қасиетті әлсіздік деп санаса, ал шын мәнінде оның басты ерекшелігі болса ше? Мысалы, біз суретші болуды армандайтын балаға математика пәнінен репетитор жалдамаймыз ғой. Бұл жерде де дәл солай. Жақсы нәтиже көрсетіп жүрген және өзі ұнататын қасиетті дамытып, соған сүйену керек.
Үйде біз балаға көбірек көңіл бөліп, оны не қызықтыратынын бірге талқылап, жиі сөйлесіп, көбірек уақыт өткізуімізге болады. Осылайша оның ерекшелігін байқаймыз. Мұны ерте жастан мән бермесек, жасөспірім кезеңде анықтауға әлі де кеш емес. Сонымен қатар, кәсіби маманға жүгініп, университетке түсер кезде профориентация бойынша кеңес алуға да болады.
- Мамандықты емес, бағытты анықтаңыз.⠀
Әлем тез өзгеріп жатыр. Жаңа технология мен жасанды интеллект көптеген мамандықты жойып, жаңасы пайда болып жатыр.Сондықтан балаңыздың жеке ерекшеліктері мен мықты қырына сүйеніп, оған нақты не келетінін білу маңызды. Егер университет бітірген соң бастапқыда таңдалған сала өзгеріп кетсе, бала сол өзі таңдаған кең әрі икемді бағыт ішінен өз жолын таба алады.
Шетелдік жоғары оқу орындары бұл тұрғыда асықпайды. Олар көбінесе мамандықты 2–3-курста таңдауға мүмкіндік береді. Бұл студентке қызықтыратын салаларға тереңірек үңіліп, ең қолайлы бағытты табуға көмектеседі.
- Бүгіннен бастаңыз.
Тәжірибе мамандық туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік береді. Ата-аналар өздерінің таныстары мен байланыстарын пайдалана алады — бұл түрлі саладағы жұмыстардың қыр-сырын шынайы көріп, тәжірибе жинаудың тамаша мүмкіндігі. Көп жағдайда балалар кейбір маманның нақты немен айналысатынын тіпті елестете де алмайды.
Шетелге оқуға түсу және шетелдік университетті таңдау кезінде мұндай тәжірибе ерекше маңызды: ол баланың таңдаған бағытына саналы қарауын көрсетеді және қабылдану мүмкіндігін арттырады. Осындай пайдалы таныстық пен тәжірибе жинау үшін жасөспірім шақта баланы шетелдік тілдік лагерьлерге жіберуге болады.
Тілдік лагерьлер мамандық таңдауға қалай көмектесе алады?
New Generation білім беру орталығы 25 жыл бойы жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде біз шетелге сапар жасөспірімдерді оқуға ынталандырып, болашақ мамандығын таңдауға түрткі болған көптеген оқиғаға куә болдық. Біз өз бағдарламаларымызды дайындағанда университеттермен танысуға ерекше мән береміз. Балалар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарын аралап, студенттермен тілдеседі, түрлі мәдениет пен менталитетті салыстырып, өздеріне лайық елді «сезініп көруге» мүмкіндік алады.
Мұндай сапарда жасөспірім көптеген пайдалы дағдыны меңгереді:
- Оқуға деген мотивация. Шетелдік лагерь — тек шет тілін үйренуге ғана емес, жалпы оқуға деген көзқарасты өзгертіп, білім алуға қызығушылықты арттырудың тамаша мүмкіндігі.
- Өз бойынан жаңа қабілетті ашу және шығармашылық салада дамуға деген ынтаны ояту.
Біздің бағдарламада көңіл көтеру мен білім алуға бағытталған шаралар маңызды орын алады: спорт, шығармашылық үйірмелер, экскурсиялар мен мәдени кештер — мұның бәрі балаға өзін әр түрлі қырынан танып, жаңа қызығушылығын табуға көмектеседі.
- Өз бетімен әрекет ету, жауапкершілік және өзіне деген сенімділік. Әр күн — жаңа шытырман оқиға. Шетелдегі демалыста балалар өз уақытын жоспарлауды, қалта ақшасын тиімді пайдалануды, жергілікті жерді бағдарлауды және дербес шешім қабылдауды үйренеді.
- Командада жұмыс істеуді үйрену, түрлі елден келген балалармен өзара әрекеттесу. Балалар командалық ойынға, жобаға және шығармашылық тапсырма орындауға қатысып, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Қызығушылықтары бойынша қарым-қатынас орнату және елдің түкпір-түкпірінен, әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа достар табу!
Бұл жазда балалар уақыт тиімді өткізеді: «Ванкувер» және «Бостон–Нью-Йорк» тіл үйрену лагерінде біздің маман – кәсіби бағдарлаушы маман әр баланың профориентациясын жүргізіп, оның мықты тұсын анықтап, өзіне лайық бейіндік бағыт жинағын таңдауға көмектеседі.
Мамандық таңдау — бұл бір күндік іс емес, ол терең әрі жауапты көзқарасты қажет етеді. Біз балаларға мүмкіндігінше ертерек көмектескен сайын, олар кәсіби өмірін жылдам әрі дұрыс құрады, өз әлеуетін жан-жақты ашады және мансапта өкініш пен сәтсіздіктен барынша аулақ болады.
