Skip to content

Сеул мен Токиодағы тіл үйрену лагері

Ұмытылмас жазғы каникул + шет тілінен Қазақстандағы 5 айлық курстың нәтижесіндей серпіліс

Жасы: 13+

Мерзімі: 27 шілде – 21 тамыз 2025

Корея мен Жапониядағы балаларға арналған лагерь

Сеулде 3 апта+ Токиода 4 тәулік

24/7 топ-лидердің бақылауында

Тіл таңдауы: ағылшын немесе корей тілі

Тіл деңгейі: beginner (бастапқы) – advanced (жоғары)

халықаралық аккредитациясы бар тәжірибелі, өз тілінде сөйлейтін ұстаздан сабақ

Бағдарлама Жапония Императорлық отбасы негізін қалаған университет базасында өтеді

Оңтүстік Корея. Жапония. Неліктен бұл елдерді таңдау керек?

Сеул — бұл жай ғана Оңтүстік Кореяның астанасы емес, бұл – дәстүр мен заманауи өмір салты тоғысқан ерекше қала.

Еуропа қаласына да ұқсайды. Сеул азиялық мәдениетке, сәулетке және салт-дәстүрге қанық қала.
Корея – әлемге дорама-сериал мен K-pop мәдениетін, Samsung және LG сияқты цифрлық технология брендін, атақты Gangnam Style хитін, бүкіл әлемге тараған K-Beauty косметикасын, Тхэквондо жекпе-жек өнерін және кимчи, пибимпап, рамён секілді дәмді тағамымен танымал ел.

3 апталық ті үйрену демалысында қатысушылар өзін нағыз дораманың кейіпкеріндей сезініп, корей косметикасын сынап көріп, корей тағамдарының дәмін татып үлгереді.

Токио — әлемдегі ең заманауи, таза, қауіпсіз және технологиясы дамыған қаланың бірі. Бұл қалада 13 миллионнан астам адам тұрады. Жапон астанасы жыл сайын ең көп турист баратын қала ретінде көш бастап тұр.

Самурай рухын, Күншығыс елінің болмысын дәл осы елдің жүрегінде, Токиода сезінуге болады.

Токиодағы 4 тәулік ішінде балалар заманауи технологиялардың қалай жұмыс істейтінін көздерімен көреді. Олар робот пен виртуалды шындықтың қызықты әлемін зерттеп, миллиондаған адамға шабыт беретін аниме мәдениетінің сиқырлы атмосферасын сезіне алады.

Бұл каникул бағдарламасы — бір сапарда екі шығыс елін бірден көруге арналған бірегей мүмкіндік.
Мұндайды өзге ешкім ұсынбайды!

СЕУЛ + ТОКИО каникул бағдарламасы пайдалы:

Жаңа тіл үйреніп, Оңтүстік Корея мен Жапонияның мәдениетімен танысқысы келетін балаларға

Болашақта шет елде, әсіресе Оңтүстік Кореяда білім алуды ойлап жүргендер үшін –елмен жақынырақ танысуға

Жазғы демалысты үйде гаджетпен емес, әлемді танып-білуге арнағысы келетін барлық оқушы үшін

 

Оңтүстік Корея мен Жапонияға саяхаттың балаңыз үшін 5 негізгі құндылығы

  • Ағылшын тілінде серпіліс – балаңыз 5 айлық курстың нәтижесіндей деңгейге жетіп, тілдік кедергіні толық жеңеді. Ағылшын немесе корей тілінде еркін сөйлей бастайды!
  • Жеке тұлға ретінде даму – ата-анасыз саяхат балаға еркіндік береді, сонымен қатар жауапкершілік жүктейді. Уақытты дұрыс басқарады. Бюджетті жоспарлап үйренеді. Үлкен қалаға икемделіп, жаңа ортаға бейімделеді.
  • Жаңа деңгейдегі орта – бұл лагерге тек Қазақстаннан ғана емес, бүкіл әлемнен білімге құштар, мақсатшыл балалар жиналады.Сапарласымен дос болады, бір-бірімен араласуды тоқтатпайды.
     Осындай орта — балаңыздың мотивациясын арттырып, көзқарасын кеңейтіп, арманын биіктететін ең маңызды фактордың бірі.
  • Ұмытылмас әсер. Бағдарламада Сеул бойынша 12-ден астам және Токиода 9 қызықты экскурсия қарастырылған. Қатысушылар Азияның ең әйгілі орындарын көздерімен көріп қана қоймай,кампуста өтетін түрлі спорттық және ойын-сауық шарасына да қатысады.

Лагерь туралы

Тіл үйрену лагері Сеул қаласының жүрегінде орналасқан бір ғасырдан астам тарихы бар беделді оқу орнында өтеді. Университет 1906 жылы Корея императорлық әулеті негізін қалаған және осы күнге дейін білім беру саласында беделге ие.Ол қала орталығында орналасқан, мәдени және тарихи нысанға жақын, сондықтан  бай мәдени мұраны да тереңнен тануға мүмкіндік бар.

Жақын маңда Кёнбоккун Император сарайы, Намсан телемұнарасы, Инсадон кәдесыйлар көшесі, сондай-ақ әйгілі сауда көшелері Мёнг Донг пен Тондэмун орналасқан.

Университет – елдегі жетекші жоғары оқу орнының бірі және IEQAS (International Education Quality Assurance System) халықаралық сапа сертификатына ие. Сонымен қатар, оқу орны Корея Білім министрлігінен жоғары академиялық жетістіктері үшін көптеген марапатқа ие болған.

Тұрақтау және тамақтану қалай ұйымдастырылған

Топ университеттің базасында тұрып, сонда оқиды (отбасында емес).
Балалармен тәулік бойы бірге жүретін жетекшісі болады. Қауіпсіздігіне сол жауапты. Жасөспірімге өз бетімен лагерь аумағынан шығуға қатаң тыйым салынған.

Тұру шарттары:

Балалар екі адамдық жайлы бөлмелерде тұрады. 

Бөлме жабдықтары:

  • Жататын кереует,оқу үстелі, шкаф пен орындықтар
  • Жеке санитарлық торап
  • Тегін Wi-Fi
  • Төсек-жаймалар
  • Ауа баптағыш

Тамақтану:

Қатысушыларға күніне үш мәрте толыққанды ыстық тамақ беріледі.

Қауіпсіздік

  • Студенттерге өз бетімен лагерь аумағынан шығуға қатаң тыйым салынған
  • Балалар тәулік бойы 24/7 жауапты жетекшінің бақылауында болады
  • Лагерь аумағында 24/7 кәсіби күзет қызметі жұмыс істейді

Сеулдегі үш апталық каникулдан кейін топ Токиоға аттанады, онда 4 тәулікті толығымен өткізеді. Бұл кезеңде сабақ болмайды, тек көңілді демалыс пен экскурсиялар қарастырылған.

Қонақүйде тұру: 3★

Тамақтану: таңғы ас кіреді

ЖЕТЕКШІЛІК ЖАЙЫНДА

Топ жетекшілері – біздің мақтанышымыз. Олар Қазақстаннан келген топпен бірге жүреді, күнделікті тұрмыстық мәселелер мен жағдайды шешеді, жасөспірімге бейімделуге көмектеседі, қызықты шығармашылық шараларды ұйымдастырады, балалардың ашылуына көмектеседі.

Олар достық және сенім атмосферасын қалыптастырып, қатысушыларға жағымды әсер қалдырады.

Біздің жетекшілер – белсенді, талантты, өзіне сенімді және мейірімді, біз олармен бірнеше жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Олар қатаң дайындықтан өтіп, тексерілген және өздерін жауапкершілігі мол адам ретінде танытқан, балаларға бей-жай қарамайтын мамандар. Олар әрқашан балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарайды.

Топ жетекшілері қатысушылардың ата-аналарымен және Қазақстандағы кеңсемен тәулік бойы байланыста болады.

БАҒДАРЛАМА

Сапарды тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар әсерлі етіп ұйымдастырамыз!

  • ағылшын немесе корей тілін үйрену (таңдау бар)
  • экскурсияларға қатысу
  • кампуста өтетін іс-шараларға қатысу

Барлық бағдарлама ағылшын тілін үйрену сияқты пайдалы іске және мұражай, театр, көрікті жерге баруға, сондай-ақ спорттық шаралар мен ойын-сауыққа үйлестіре жасалған.

Ағылшын немесе корей тіліндегі сабақ қалай өтеді? 

  • Аптасына 20 сағат сабақ
  • Сабақ жұмыс күндері таңертеңгі уақытта өтеді. Түстен кейінгі уақыт пен демалыс күндері ойын-сауыққа және экскурсияға арналады.
  • Әр топта тіл деңгейіне сәйкес 15 адамға дейін
  • Алғашқы күні тестілеу жүргізіліп, нәтижесімен топ құрылады. Бір топқа әртүрлі елден келген бала түседі, сондықтан олар өзара да ағылшын тілінде сөйлеседі.
  • Сабақты тек тіл иелері ғана емес, ағылшын және корей тілін шет тілі ретінде оқытатын жоғары білікті, сертификатталған мұғалім жүргізеді.
  • Оқу соңында студенттер тест тапсырып, курсты аяқтағанын дәлелдейтін сертификатын алады.
  • Бағдарламаға тіл деңгейі әртүрлі кез келген оқушы қатыса алады.  beginner (бастапқы) деңгейінен advanced (жоғары) деңгейіне дейін. 

3 апталық тіл үйрену лагерінде балаңыз 5 айлық дәстүрлі тіл курсы нәтижесіндей  жетістікке жетеді.

Ең маңыздысы,  қорқу мен сенімсіздіктен арылады, тілдік тосқауыл біржола жойылады.

Лагерден кейін шет тілін үйренуге деген ынта артады.

Тілдік тәжірибе тек сабақпен шектелмейді. Экскурсия, спорттық және ойын-сауық кезінде де жалғасады.

Балаңыз ойымды жеткізе алмай қаламын дегенді ұмытып, еркін сөйлей бастайды!

ЛАГЕРЬ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯ ТІЗІМІ

Сеулде балалар мәдени-танымдық бағдарламаға қатысады:

  • Корей Диснейленді – Лотте Уорлд (Lotte World)
  • Океанариум: Су асты әлемі
  • Сеулдегі жануарлар бағы
  • К-ПОП биі (екі шеберлік сабағы)
  • Мәдени сабақ және дәстүрлі Ханбок костюмін киіп көру
  • Сеул қаласына саяхат
  • Император сарайы
  • Намсан телемұнарасы
  • Корей ұлттық мұражайы
  • Соғыс ескерткіштерінің мұражайы
  • Мёндон сауда-саттық көшесі
  • Хондэ жастар ауданы

 

Токио қаласындағы экскурсия мен ойын-сауық

  • Токио Диснейленді
  • Tokyo Sky көру алаңы
  • Сумида океанариумы
  • Токио ұлттық мұражайы
  • Kimono Maikoya
  • Акихабара ауданы
  • Харадзюку ауданы
  •  Сибуя ауданы

 

БАҒДАРЛАМА ҚҰНЫ

Сеулде 3 апта және Токиода 4 тәулік

 27.07.25 - 21.08.25

6 120 $ ( ~ 3 280 000 KZT)

Бірнеше кезеңмен бөліп төлеу

Корея мен Жапониядағы лагерь ақысына не кіреді?

  • 60 сағат ағылшын немесе корей тіліндегі сабақ тіл иесі мұғаліммен бірге
  • Студенттерге арналған резиденцияда тұру
  • Жұмыс күндері күніне 3 рет ыстық тамақ
  • Диагностикалық (бастапқы) және қорытынды тестілеу
  • Курсты аяқтағаны туралы сертификат
  • Күндізгі және кешкі ойын-сауық шарасы
  • Бағдарламаға сәйкес экскурсиялар
  • Топ жетекшісі тарапынан тәулік бойы бақылау
  • Әуежайдан және әуежайға дейінгі топтық трансфер
  • Wi-fi
  • Медициналық сақтандыру
  • «Жаңа Буын» компаниясының топ менеджері  бүкіл сапарында жанында жүреді және үйлестіреді
  • Soft-skills дағдыларын дамыту: қаржыны басқару, шығындарды жоспарлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, дербес жүру, уақытты тиімді басқару, көшбасшылық қасиет және үлкен қалада жол табу

ТОКИО:

– Таңғы аспен қамтылған 3* қонақүйде тұру

– Бағдарламаға сәйкес экскурсиялар

– Трансферлер

Бағдарлама құнына кірмейді және қосымша төленеді:

  • Астана – Алматы – Сеул – Токио – Сеул – Алматы – Астана бағытындағы әуе билеті (Билет бағасы күн сайын өсіп отырады, сондықтан бағдарламаны ертерек сатып алу жалпы құнының арзандауына сеп болады)

  • Балаңыздың  қалта шығындары
     (Соманы сіз өзіңіз анықтайсыз. Әдетте, балаларға аптасына 100 АҚШ доллары жеткілікті)

  • Сеулдегі демалыс күніндегі тамақтану, Токиодағы түскі және кешкі ас

  • Виза рәсімдеу (40 АҚШ доллары)

БРОНДАУ ШАРТТАРЫ

Төлемді бөліп-бөліп төлеуге болады:

  1. Алдын ала төлем 1000 $ топтан орын алу үшін

  2. Қалған сома 2025 жылғы 25 мамырға дейін 5 бөліп төленеді.

ЕРТЕ БРОНДАП ҮНЕМДЕҢІЗ

Егер сіз турды алдын ала брондасаңыз, 6 айға бөліп төлеу мүмкіндігіне ие боласыз.

Әуе билеттерінен үнемдеңіз — билеттерді ұшудан 2 ай бұрын сатып алсаңыз, бағасы екі есе арзан болады.

Жылдам виза алу мен басқа құжаттық рәсім үшін қосымша төлем жасамайсыз.

Қазір брондасаңыз — орын алу үшін алғашқы төлем тек 1000 АҚШ доллары ғана.

АЛДЫҢҒЫ САПАРДАҒЫ НӘТИЖЕ

2024 жылы бізбен бірге лагерге 80-нен астам бала ұшып барып келді. Балалар елге келгеннен кейін ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінен дағдыларын  100% дамытты:

  • Қаржыны басқару және шығынды жоспарлау қабілеті;
  • Қарым-қатынас жасау дағдысы;
  • Өзіндік дербестік;
  • Уақытты тиімді басқару;
  • Көшбасшылық қасиет;
  • Үлкен қалада жол табу.

ПІКІРЛЕР

Өтініш қалдырыңыз

Тегін кеңестен нені білуге болады:

– “Жаңа Ұрпақ” орталығындағы сізге қолайлы қызмет туралы

– Қызмет ерекшелігіне қатысты барлық сұраққа жауап береміз

Сапалы қызмет көрсету үшін қысқаша сауалнаманы толтырыңыз, кеңесшіміз сізге хабарласады.