Skip to content

Лондон мен Париждегі тіл үйрену лагері

Англия астанасындағы лагерде екі апталық қарқынды оқыту бағдарламасымен ағылшын тілін меңгеруді айтарлықтай арттыру ұсынылады. Сондай-ақ, бір сапар шеңберінде Лондонның көрнекті орындарына экскурсия жасап, Парижде төрт күндік мәдени бағдарламаға қатысу қарастырылған.

2025 жылғы 29 маусым – 16 шілде

Балалар лагері туралы

Лондонда 2 апта + Парижде 4 тәулік

12–18 жас аралығындағы жасөспірім үшін

Тіл меңгеру деңгейі: beginner (бастапқы) деңгейінен advanced (жетік) деңгейіне дейін

Тәулік бойы топ жетекшісінің бақылауында

Лондон мен Париж қаласында экскурсиялар

Топты жинақтау мерзімі – 2025 жылғы 10 наурызға дейін

«NGEC» Халықаралық Білім орталығы демалысты пайдалы әрі қызықты өткізудің тамаша мүмкіндігі. Сондықтан біз әр түрлі жастағы балаға арнайы бағдарламаны әзірледік. Мақсаты — тілдік кедергіні жеңу, ағылшын тілін тек аудиторияда ғана емес, сонымен қатар тілді еркін меңгерген ортада да қолдану, Англия және Франция мәдениетімен танысу, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа достар табу.

Англия мен Франциядағы тіл үйрену лагері қолайлы:

Ағылшын тілін үйреніп жүрген, сол тілді қолданылатын елге барып, Лондондағы Биг-Бен, Тауэр көпірі, Гарри Поттер мұражайы және басқа да атақты көрнекті орындарды тамашалауды армандайтын балалар үшін.

Сондай-ақ, Англия мен Францияны демалыс мекені ғана емес, болашақта шетелде білім алу ретінде қарастырып, осы елдермен жақынырақ танысқысы келетін балалар үшін.

Және бір сапар барысында бірден екі астананы Лондон мен Парижді көріп, тәжірибе жинақтауды, әсер алуды және қызықты уақыт өткізуді қалайтын барлық бала үшін.

Лондон мен Париждегі жазғы лагерінде балаңыз:

  • Ағылшын тілінен 4–5 айлық әдеттегі курстардың нәтижесіне тең деңгейде ілгерілеуге қол жеткізеді.
  • Сөйлеу алдындағы қорқыныш пен сенімсіздіктен арылып, тілдік кедергіні біржола еңсереді.
  • Өздігінен әрекет етуге дағдыланып, уақытты дұрыс жоспарлауды, жеке бюджетін басқаруды, үлкен қалада адаспауды және жаңа ұжымға бейімделуді үйренеді.
  • Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдермен достасады. Бұл жаңа орта баланың мотивациясын арттырып, амбициясын дамытуға және көзқарасын кеңейтуге ықпал етеді.
  • Лондон мен Париждегі балалар демалысы, экскурсиялар мен ойын-сауықтар арқылы ұмытылмас әсерлер алады, бұл алдағы оқу жылына күш пен шабыт сыйлайды.

Лагерь туралы

Лондонда орналасқан тіл үйрену лагері әлемнің үздік ондығына кіретін UCL университетінің кампусында ұйымдастырылады. Лагерь халықаралық аккредитацияға ие. Бұл әдемі кампус 2012 жылғы Лондон Олимпиада саябағында орналасқан және Лондон стадионының (қазіргі кезде «Вест Хэм Юнайтед» футбол клубының үй алаңы), Олимпиадалық бассейннің және Кэнэри-Уорф ауданының тамаша көрінісімен мақтана алады.

Лондонға келгеннен кейін топ резиденцияға (отбасыға емес) орналастырылады, демалады және қызықты демалысқа дайындалады. Студенттік резиденция мен оқу орталығы бір кешенде орналасқан. Топ жетекшілері балаларды үнемі бірге ертіп жүреді, жанында болады.

Сабағын ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуды CELTA, TESOL және басқа халықаралық сертификаты бар тәжірибелі әрі білікті тіл иесі педагог жүргізеді.
 Оқу соңында курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

Тұру мен тамақтану қалай ұйымдастырылған:

Мектеп аумағында тұрақтайсыз

  • Жайлы әрі заманауи бір адамдық бөлме
  • Бөлмеде әрбір адамға арналған жеке себезгі және санитарлық торап бар
  • Резиденцияда асхана, лаундж аймағы және wi-fi бар
  • Әр апта сайын төсек-орын ауыстырылады
  • Мектеп аумағында киіміңізді қосымша ақыға жуу қарастырылған
  • 24/7 күзет

Күніне 3 мәрте тамақтанады, арнайы тағам түріне қосымша ақыға тапсырыс беруге болады.

Қауіпсіздік

  • Студенттерге тіл үйрену лагерінен рұқсатсыз шығуға  болмайды.
  • Балалар тәулік бойы (24/7) жауапты жетекшілердің бақылауында болады.
  • Лагерь қызметкерлері мен УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІ тәулік бойы (24/7) күзетеді

Мектеп туралы бірнеше дерек:

  • Орналасқан жері керемет

  • Мектеп әлемнің үздік университетінің бірінің аумағында орналасқан

  • Лондонның басты көрнекті жеріне жету өте оңай: қала орталығына дейін небәрі 20 минут, жанында метро стансасы бар

  • Мектеп Ұлыбританиядағы ағылшын тілін оқыту сапасын растайтын British Council аккредитациясынан өткен. Бұл сапа кепілі. Ағылшын тілін халықаралық деңгейде оқыту

  • Жарық әрі заманауи жабдықталған, интерактивті оқытуға арналған сынып

Лондонда екі апталық демалыстан кейін топ 4 күнге EuroStar пойызымен Ла-Манш бұғазы арқылы Парижге аттанады. Қонақүйде тұрақтайды, сол бағаға таңғы ас кіреді.

Топты кім алып жүреді?

Топ-лидерлер біздің ерекше мақтанышымыз. Қазақстаннан бастап бірге ертіп жүреді, тұрмыстық мәселені шешеді, балалардың бағдарламаға бейімделуіне көмектеседі, түрлі шығармашылық іс-шара ұйымдастырады, бір-бірімен тіл табысуына, еркін сезінуіне ықпал етеді және бағдарлама барысында достық пен сенімге толы ерекше атмосфера қалыптастырады.

Біздің топ жетекшілер – белсенді, талантты, өзіне сенімді және мейірімді жандар.

Біз толық сенім артатын адам. Олар арнайы дайындықтан, жан-жақты тексеруден өткен. Балалардың жағдайына ешқашан бей-жай қарамайтын жандар.

Барлық топ-лидер ата-аналармен және Қазақстандағы кеңсемен тәулік бойы байланыста болады. 

Біздің жетекшіден бөлек, топпен әрдайым бірге болатын мектептің қызметкерлері (стаффтар) бар.

БАҒДАРЛАМА

Біз саяхатты пайдалы ғана емес, қызықты етуге тырысамыз

  • Ағылшын тілін тікелей сол тілде сөйлейтіндерден үйрену
  • Экскурсияларға қатысу
  • Кампуста өтетін іс-шараларда белсенді болу

Біздің барлық бағдарлама ағылшын тілін үйрену сияқты пайдалы істі мәдени шарамен үйлестіріп, баланың жан-жақты дамуына бағытталған.

Музей, театр, көрнекті орынға бару, сондай-ақ спорттық іс-шаралар мен ойын-сауықтарға қатысу.

Ағылшын тілі сабағы қалай өтеді?

  • Ағылшын тілі аптасына 20 академиялық сағат
  • Сыныпта тіл деңгейіне сәйкес 15 адам оқиды
  • Оқыту топтары бірінші күні өткізілетін сынақ нәтижесіне қарай жасақталады.
  • Топта әр елден келген балалар болады, сондықтан олар бір-бірімен де ағылшынша сөйлеседі.
  • Ағылшын тілі ана тілі болатын адам ғана емес, шет тіл ретінде оқытатын білікті, сертификатталған мұғалімдер жүргізеді.
  • Оқу аяқталғаннан кейін ағылшын тілі курсын тәмамдағанын растайтын  сертификат беріледі.
  • Бағдарламаға кез келген деңгейдегі оқушылар қатыса алады — beginner (бастапқы) деңгейінен advanced (жоғары) деңгейге дейін

2 аптаның ішінде балаңыз ағылшын тілінде серпіліс жасап, шет тілін жете меңгеруге деген ынтасын арттырады.

ЛАГЕРЬ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯ ТІЗІМІ

Ағылшын тілін үйрену сыныптан тыс жерде де жалғасады. Экскурсия, спорттық және ойын-сауықта – балалар тек ағылшын тілінде сөлейтін ортаға енеді. Балаңыз кедергіні ұмытып, сөйлей бастайды!

Бос уақытта және демалыс күндері Лондон мен оның маңындағы ең танымал орындарға экскурсия мен іс-шаралар ұйымдастырылады:

  • Биг-Бен
  • Мадам Тюссо мұражайы
  • Лондон Шолу дөңгелегі (London Eye)
  • Букингем сарайы
  • Шерлок Холмс музейі
  • Лондон мұнарасы
  • Гарри Поттер музейі
  • Брайтон қаласы және тағы басқа қызықты орындар.

Лондоннан кейін топ Ла-Манш бұғазы арқылы пойызбен Парижге барады!

Парижде біз 4 тәулік боламыз, ағылшыннан сабақ болмайды. Бірақ тілдік тәжірибе жалғасады, себебі барлық іс-шара тек шет тілінде өтеді. Бала үнемі сол тілде сөйлеп жүрген адаммен байланыста болған соң, есту-тыңдау, дыбыстау дағдысы қалыптасады

ПАРИЖДЕН НЕНІ КӨРЕДІ?

  • Диснейленд
  • Париж бойынша шолу экскурсиясы басты көрнекті орындарға бару.
  • Версаль сарайына бару.

СТОИМОСТЬ ПРОГРАММЫ 

с 29 июня 2025 по 16 июля 2025 года

£ 5 542 ( ~ 3 630 000 KZT)

Семейная скидка - 2%

Если от одной семьи едет несколько детей или по вашей рекомендации присоединяется кто-то из ваших друзей, то и вы и второй человек получаете скидку 2% от стоимости тура.

По запросу вышлем спец. предложение для групп от 5 и выше человек

Ұлыбритания мен Франциядағы тіл үйрену лагерінің құнына не кіреді?

  • Ағылшын тілі аптасына 20 академиялық сағат
  • Диагностикалық (бастапқы) және финалдық тестілеу
  • Курсты аяқтағаны жөнінде сертификат
  • Оқу материалы
  • Резиденцияда тұру (1 орындық бөлмелер)
  • Толық тамақпен қамтамасыз ету: тәулігіне 3 мезгіл
  • Күндізгі және кешкі ойын-сауық және спорттық іс-шаралар
  • Бағдарламаға сәйкес экскурсиялар
  • 24 сағаттық топ лидердің бақылауы
  • Топтық трансфер әуежайға дейін /әуежайдан кейін.
  • Wi-Fi
  • Медициналық сақтандыру
  • «Жаңа Ұрпақ» компаниясының басқаруымен топ менеджер бүкіл сапарда қолдау көрсетеді және шараны ұйымдастырады
  • Soft-skills дағдыларын дамыту: ақшаны тиімді жұмсау, шығынды жоспарлау, адаммен тіл табысу, еркіндік, уақытты пайдалана білу, көшбасшылық, үлкен қалада өзін ұстап үйрену
  • Виза алу кезінде қолдау:
  • Клиенттің жағдайын кешенді талдау және Ұлыбритания мен Франция визасын алу мүмкіндігін анықтау
  • Толық кеңес беру және өтініш беру рәсімін түсіндіру
  • Құжаттарды тексеру және қажет болғанда түзету,
  • Құжаттар пакетін дайындау және онлайн анкета толтыру.

Биометриялық дерек тапсыруға қолдау көрсету (Астана қаласында өтініш берушілер үшін)

  • Дайын құжаттарды алу және клиентке жеткізу.

 

ПАРИЖ:

  • EuroStar пойызымен Лондон-Париж бағыты бойынша Ла-Манш арқылы сапарлау;
  • Қонақүйде тұру;
  • Таңғы ас;
  • Бағдарлама бойынша Париждегі экскурсиялар.

Қосымша төленеді:

  • Астана - Лондон, Париж - Астана бағытындағы әуе билеті, баға күн сайын өседі, сондықтан бағдарламаны неғұрлым ерте сатып алсаңыз, соғұрлым жалпы құны арзан болады
  • Балаға қосымша қаражат. Қажеттілігін өзіңіз анықтайсыз. Әдетте, баланың көпшілігіне аптасына 50-100 фунт жеткілікті
  • Ұлыбританияға ұшар алдында және келген соң ПЦР-сынақтан өту (қажет болған жағдайда);
  • Консулдық алымдар (шамамен 210 фунт) және жедел қарастыру үшін алым* (500 фунт), Астана қаласындағы Ұлыбританияның визалық орталығына бару.

*Визаға өтініштің көп болуына байланысты, қарастыру процесі бірнеше айға созылуы мүмкін. Мұндай кідірістен аулақ болу үшін жедел қарастыруға қосымша алымды төлеу ұсынылады (қарастыру мерзімі 5-15 жұмыс күні).

Франция елшілігінің консулдық алымы 80 евро. Астана қаласындағы елшілікке бару.

ТІРКЕУ ШАРТТАРЫ

  • 2025 жылдың 10 наурызына дейін бағдарламаға қабылдау жүреді.
  • Орынды бекіту үшін 1000 фунт стерлинг алдын ала төлем жасау қажет.
  • Қалған соманы траншқа бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
  • Қалдық соманы 2025 жылдың 25 мамырына дейін төлеу қажет.

Бұрынғы сапарлар

Әр жыл сайын демалыстың бағдарламасын және шартын  мұқият жауапкершілікпен жасаймыз. 2023-2024 оқу жылында біздің бағдарламамен шетелге демалысқа 150-ден астам бала барды, 10%-ы бізбен бірнеше елге  сапарлады.

Пікірлер

Өтініш қалдырыңыз

Тегін кеңестен нені білуге болады:

– “Жаңа Ұрпақ” орталығындағы сізге қолайлы қызмет туралы

– Қызмет ерекшелігіне қатысты барлық сұраққа жауап береміз

Сапалы қызмет көрсету үшін қысқаша сауалнаманы толтырыңыз, кеңесшіміз сізге хабарласады.